00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанадағы ауруханада ашық есік күні өтеді

14.09.2023 | 06:00
109
Фото: ашық дереккөз

15 қыркүйекте Астанадағы академик Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми Травматология және ортопедия орталығында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстанның травматология және ортопедия саласындағы жетекші мамандар қабылдайды.

Консультацияға 16 жастан асқан ҚР азаматтары шақырылады, олар келесі диагноздар бойынша травматолог-ортопед дәрігерлерінен тегін консультация ала алады:

- омыртқаның қисаюы;

- ірі буындарды эндопротездеу;

- спорттық жарақат;

- артроскопия;

- қолдың жарақаты;

- кеуде қуысының деформациясы;

- аяқ хирургиясы;

- сынықтар және олардың салдары;

- дұрыс бітпеген сынықтар;

- жалған буындар;

- тірек-қимыл аппаратының басқа мәселелері.

Қабылдау күні өзіңізбен бірге міндетті түрде жеке куәлік және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындылары болуы керек.

Алдын ала жазылу үшін Call-center бірыңғай телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 8 (7172) 640-960, 8 778 640 66 99, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Мекенжайы: Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 15а, 2-корпус.

Барлық жаңалықтар