00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі – вице-министр

31.10.2023 | 12:00
52
Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info

Оның дерегіне сәйкес, қызылшамен ауырудың жоғары деңгейі Шымкент қаласында, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелген.

Салалық министрлік өкілі сырқаттанушылық ауырған балалар арасында вакцинация алмаған балалар есебінен тіркеліп жатқанын атап көрсетті.

Вакцинация алмаған балалар 71% құрайды. Бұл ретте, 60% – балалар егуден бас тартуға байланысты, 18% – медициналық қарсы көрсетілім бойынша, 21% – егу жасына жетпеген балалар, - деді вице-министр.

Сондай-ақ ол қазіргі эпидемиологиялық жағдай қызылшаның 5 жасқа дейінгі балалар арасында көптеп тіркелуімен сипатталатынын хабарлады.

Ол қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін балаларды 6 айдан бастап, сондай-ақ 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды және медицина қызметкерлерін қосымша вакцинациялау жоспарланғанын айтты.

Бұл ретте, 6 айдан 11 айға дейінгі балаларды қосымша иммундауды осы жылдың 6 қарашасынан бастау жоспарланып отыр. Желтоқсан айынан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундау және 6 айға толған балаларды қосымша иммундауды одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр, - деді А.Есмағамбетова.

Барлық жаңалықтар