00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Вейпке заңмен тыйым салу: Дұрыс па, бұрыс па?

29.01.2024 | 04:00
69
Фото: ашық дереккөз

Жақын күндері мемлекетімізде вейптерді сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынуы мүмкін. Осындай заң жобасын Парламент мәжілісі екінші оқылымда мақұлдап Сенаттың қарауына жіберді, - деп хабарлады Elorda.info

Бұл үшін елімізде темекі бұйымдарына қатысты заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Аталмыш заңды қабылдауға қандай факторлар әсер еткендігі жөнінде Мәжіліс  депутаты Ерлан Абдиев айтып берді. 

Вейпке тыйым салу туралы Заңдық норма ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен денсаулық сақтау ұйымдарының ұсыныстарына сүйене отырып, жаһандық деңгейде осы вейпинг әдетінің жылдам таралу факторларына  байланысты қабылданды. Бұл қазіргі қоғам денсаулығына төніп тұрған қауіптің алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды деп ойлаймын. Өйткені, электронды темекіні қолданушылардың  көп бөлігі – жастар. Сол себепті, мұндай заңдар ұлттың денсаулығын нығайтуға және болашақ ұрпақтың зиянды өнімдерді тұтынуын болдырмау мен азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін қажет,- дейді  Е.Абдиев .

депутат.jpg

Спикер өз сөзінде заң қабылдау барысында орын алған қиындықтарды да атап өтті. 

Дәл осы норма бойынша пікірталастар мен келіспеушіліктер болғаны рас. Мәжіліс депутаттары түрлі тараптардың мүдделері оның ішінде қоғамдық ұйымдардың, денсаулық сақтау мамандарының және әсіресе кәсіпкерлердің мүдделері тұрғысынан мұқият теңестіруді талап ететін елеулі қиындықтарға тап болды. Басқа елдердің ғылыми деректері мен тәжірибесін ескере отырып, осы мүдделерді дұрыс үйлестіру бойынша Мәжіліс алдында маңызды тапсырма тұрды. Нәтижесінде, салауатты ортаны құру, қалыптастыру алдыңғы орынға шығып, күрделі мәселенінің түйінін шештік, - деді мәжілісмен. 

Дәрігерлер вейптің  адам денсаулығына тигізер зияны жетіп артылатынын айтып дабыл қағып кел жатқанына біраз болды. Олар тіпті, вейпинг қатерлі ісік ауруларына да алып келетінін айтады. Астанадағы №7 қалалық емхана дәрігері Алексей Найденов айтуынша, оның құрамында 17 түрлі ароманизатор бар екен. Никотин құрамы да темекімен салыстырғанда айтарлықтай көп. Мәселен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеулеріне сәйкес темекіде 2 мг никотин болса,  бұл көрсеткіш вейпта 67 мг құрайды. 

Вейп шегу темекі өнімінен  де зиянды. Себебі, оны тұтыну барысында адам аэрозольдермен дем алады. Салдарынан  жүйке жасушалары  бұзылып, ми қызметінің дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп соғады. Тіпті, кейбір компаниялар  вейп сұйықтығының құрамына тетраканабиол (жеңіл есірткі) қосады. Ал, бұл психофизикалық тәуелділіктің дамуына әкеледі, - деді А.  Найденов

Осы орайда көтеріліп отырған мәселеге байланысты Республикалық Аналар кеңесі Мемлекет басшысына «Темекісіз Қазақстан үшін» ұлттық коалициясымен бірге петиция да жолдаған. Олар ел тұрғындары арасынан 20 мыңнан астам қолдаушылардан қол жинаған. Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасы орынбасары Баян Ахатай өкінішке орай, еліміз халқы вейп пайдалану жағынан әлемде алғашқы бестікті түйіндеп тұрғанын айтады. 

Баян.jpg

Қазақстан адам санының аз болғанына қарамастан, әлем бойынша вейп шегуден 5 орында. Сондықтан  елімізде вейп айналымына толық тыйым салу өте дұрыс шешім. Осы заң жобасында қылмыстық жауапкершілікті алып тастау туралы талқылаулар жүрді. Сол уақытта Премьер-министр Әлихан Смайылов керісінше қылмыстық жауапкершілікті қалдыру керектігін айтты және қолдады. Бұл пікірі орынды. Өйткені, әкімшілік жауапкершілік ғана болғанда көлеңкелі бизнестер кеңінен етек алып, жазаланушылар оңай құтылып кетер еді, - деді Б. Ахатай. 

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы вейперлерге толығымен тыйым салған әлемдегі бірінші ел Уругвай еді. Одан кейін бұл бастама Аргентина, Камбоджа, Бразилия елдерінде жалғасын тапты.

Дариға ҚҰРМАНӘЛІ

Барлық жаңалықтар