00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Вакцинациядан бас тарту бала денсаулығына қауіп төндіреді – дәрігер

26.01.2024 | 09:55
37
Фото: gov.kz

Елорданың бас санитарының айтуынша балалар да кез келген азамат сияқты аурудан қорғануға құқығы бар. 

Вакцинациядан бас тартқан үшін жауапкершілікке тартылмайсыз, вакцинация тек ерікті түрде жүзеге асады. Бірақ, егер ересек адам тек өзі үшін жауап берсе, онда балаларды вакцинациялаудан бас тартқан ата-ана баласының денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Бала кез келген азамат сияқты аурудан қорғануға құқығы бар. Балаларымызды қорғай отырып, біз жақындарымызды, өзге де балаларды қорғай аламыз. Популяция әсері деген сияқты құбылыс бар. Яғни, біз қоғамда өмір сүріп жатырмыз, еш оқшаусыз, байланыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы, елордада халықтың тығыздығының артуы бар. Біз өзімізді қаншалықты жақсы қорғасақ, қасымыздағы адамдарды соғұрлым жақсы қорғаймыз, деді С. Бейсенова. 

Сонымен қатар ол инфекциялық аурулар адам организміндегі кез-келген мүмкіндікті пайдаланатынын ескертті. 

Инфекциялар үнемі біздің қасымызда өмір сүретіні туралы естен шығармағанымыз абзал. Олар бізді «жақсы көреді» және олар сол «махаббатты» көрсету үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады. Ал, біздің балаларымызға деген махаббатымызды көрсетудің жалғыз жолы оларды уақытында вакцинациялау, - деді Астананың бас санитары.

Барлық жаңалықтар