00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Тайғақ мұзда қалай сақ жүруге болады?

15.02.2024 | 09:39
85
Фото: ашық дереккөз

Ауа райының осындай қолайсыз жағдайында сақтық шаралары үшін қолдануға болатын бірнеше әдістерді ұсынамыз:

Дұрыс аяқ киім таңдау: сырғып кету қаупін азайту үшін сүйеуіші жақсы ұстайтын аяқ киім кию қажет. Яғни, протекторлар аяқ киімнің табаны мен мұз беті арасындағы үйкелісті жақсартады. Ал, бұл жүру  кезінде тұрақтылықты қамтамасыз етеді. 

Пингвин жүрісі.  Құлау қаупін азайту үшін пингвиннің жүрісіне салып, жүру қажет. Бұл тәсіл сырт көзге оғаш көрінгенімен, бастысы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жүріс барысында тепе-теңдік үшін қолды бүйірге сәл созып, кішкене қадамдар жасау қажет. 

Тізені бүгу: мұзда жүргенде тізені сәл бүгу қажет. Бұл тепе-теңдікті сақтауға және сырғудың алдын алуға көмектеседі. 

Қолды қалтаға салмау:  мұзда немесе тайғақ жерде жүргенде қолды қалтадан тыс ұстаған абзал. Аталмыш әдіс жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған маңызды сақтық шарасының бірі. Өйткені, қол жүру кезінде тепе-теңдік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді. Және де, бос қолдар құлаған жағдайда адамның өзін қорғауына сеп болады. 

Скандинавиялық  таяқтарды пайдалану: Қосымша қолдау мен тұрақтылық үшін мұзда скандинавиялық  таяқтарды немесе треккинг таяқшаларын пайдалануға болады. 

Дұрыс құлау әдісі: Егер адам құлап бара жатқанын сезсе, қолымен басын қорғауы қажет. Және арқамен емес, мейлінш бүйірге қарай құлаған абзалырақ. Себебі, бүйірге құлаған кезде соққы дененің кеңірек және жұмсақ бөлігіне, соның ішінде жамбас пен бүйір бұлшықеттеріне таралады. Бұл ауыр жарақаттардың ықтималдығын азайтады. Сондай-ақ, бастың қатты соққы алмауына, мидың шайқалмауына ықпал етіп, мойын жарақаттарының қаупін азайтады. 

Дариға ҚҰРМАНӘЛІ

Барлық жаңалықтар