00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Іздеу

ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді

02.07.2024 | 15:25
Олжас Сүлейменов
103
ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді
Фото: дереккөз

Астанада 3-4 шілде күндері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.

Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады.

Барлық жаңалықтар