00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Сенаторлар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келісімді ратификациялады

02.11.2023 | 08:00
46
Фото: parlam.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Іс-шара Қарағанды облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды, деп хабарлады Elorda.info

Отырыс барысында сенаторлар Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялады және депутаттық сауалдарын жолдады.

Палата отырысының күн тәртібіне сәйкес депутаттар «Астанада (Қазақстан Республикасы) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы – жаһандық маңызы зор, беделді халықаралық институттардың бірі. Бүгін мақұлданған заң Қазақстан Республикасы мен осы Ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі. Сондай-ақ Еуропалық өңірлік комитетінің сессиясында қабылданған шешімдер отандық медицина саласының дамуына да оң әсерін тигізеді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар отырыс кезінде сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.

Барлық жаңалықтар