00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Онколог дәрігерлер тегін кеңес береді

19.09.2023 | 07:30
58
Фото: ашық дереккөз

23 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік онкологиялық ұйымдарында халық үшін бірыңғай Ашық есік күнін өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара бас және мойын ісіктерін ерте диагностикалау апталығы, гемобластоз, сондай-ақ гинекологиялық обыр туралы хабардарлықты арттыру айлығы шеңберінде өткізіледі.

Акция шеңберінде онкологтар бас пен мойынның локализациясы және онкогинекология бойынша барлық ниет білдірушілерге тегін кеңес береді.

Астана қаласы бойынша кеңес алғысы келгендер үшін «Көпбейінді медициналық орталық» ШЖҚ МКК қызмет көрсетеді.    

Мекенжайы: Манас көшесі, 17 және Керей және Жәнібек хандар к-сі, 3 (емхана жағынан кіру).       

Өткізу күні мен уақыты: 23.09.2023, сағат 09:00-13:00.

Анықтама үшін тел.: 954033, 954034.

Басқа қалалардағы Ашық есік күні мен мекенжайын мына жерден көруге болады.

Барлық жаңалықтар