00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада екпе алмаған балаларды анықтау жұмыстары жалғасуда

19.01.2024 | 10:30
50
Фото: Shutterstock

Астанада ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, вакцинация алмаған балаларды анықтау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info. 

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. 

Мамандардың мәліметінше, 1 және 6 жаста қызылшаға қарсы егілмеген 7-18 жас аралығындағы 13 000 баланың 10 371-і иммунизациямен қамтылды.

Ал 2023 жылы 6 қарашадан бастап ағымдағы уақытқа дейін қосымша жаппай иммундалуы қажет контингенттің, яғни 121 000 адамның ішіндегі  67 168 адам егілді. 

24 000 баланың 9 363-і екпемен қамтылды (6 айлықтан бастап 10 ай, 29 күндік нәрестелер). 

2-4 жастағы 78 000 баланың 41 922-сі, сонымен қоса, 6000 медицина қызметкерінің  5512-сі иммунизацияланды, - деді Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова.

Барлық жаңалықтар