00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл 655 бастапқы денсаулық сақтау нысаны салынады

31.08.2023 | 14:00
45
Фото: дереккөз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысына қатысты, деп хабарлады Eorda.info Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы депутаттар алдында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауларының іске асырылуы туралы айтып берді. 

Премьер министрдің  айтуынша, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері – ерекше бақылауда.

Атап айтқанда, неврологиялық аурулары бар балаларды оңалтуды қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Бүгінгі таңда 55 медициналық ұйым осындай қызмет түрлерін көрсетеді. Оның 27-сі соңғы 2 жылда ашылған. 

Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін резидентурада мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 70%-ға ұлғайды. Ол биыл 1000 грантқа көбейді. Соңғы 3 жылда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 805 млрд теңге бөлінді.  

Биыл “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасын іске асыру басталды. Ұлттық жоба аясында 655 бастапқы денсаулық сақтау нысаны салынып, 32 ауданаралық аурухана жаңғыртылады. Бұл 4 млн-нан астам ауыл тұрғындарын мамандандырылған медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді», — деді Премьер-Министр. 

Оның баяндауынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, жоспарланған 8 облыстық көпсалалы және университеттік клиниканың екеуінің құрылысы басталған. .

Барлық жаңалықтар