00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Мистер Сидр» төмен алкогольдік ішімдігі сатылымнан алынып тасталды

07.06.2023 | 16:30
67
Фото: unsplash

Қазақстанда «Мистер Сидр» атты төмен алкогольді ішімдік уақытша сатылымнан алынып тасталмақ. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлады  Elorda.info.

Бұл сусыннан адамның улануы мен өлімі жайлы БАҚ-та тарап кеткен ақпараттарға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аумақтық департаменттерге «Мистер Сидр» төмен алкогольді ішімдігін импорттаушылар мен дистрибьюторларға аталған өнімді сатылымнан уақытша алып тастау қажеттігін хабарлауды тапсырды. 

Комитет тұрғындарды аталған өнімді тұтынудан бас тартып, ал қандайда жерде сатылып жатқанын көрген жағдайда құзырлы органға хабарлауға шақырды. 

«Мистер Сидр» төмен алкогольді ішімдігін шығарушы: «Анди» ЖШҚ (РФ, Самара қаласы, Винтай поселкесі, Гаражная көшесі, 15-үй).

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде аталған ішімдіктен жаппай улану жағдайлары тіркелген. 

Барлық жаңалықтар