00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған  иппотерапия орталығы қалай жұмыс істейді?

09.01.2024 | 13:00
54
Фото: дереккөз

2023 жылдың қазан айында Астанадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде иппотерапиялық орталық ашылған болатын. Орталықтың алғашқы жұмыстары туралы Elorda info тілшісі дәрігер-оңалтушы Айгүл Хасеновамен сұхбаттасты. 

Бұл күнде орталқта Иппотерапияны қанша адам қабылдап жатыр? 

Иппотерапия —адам баласы  жылқы арқылы өз бойындағы денсаулық ақауын емдеудің бір түрі. 

3 айдың қорытындысы бойынша Астана қаласында 72 бала иппотерапия курсынан өтіп жатыр. Жалпы орталығымыз 120 балаға дейін қамти алады. Иппотерапияның ерекшелігі — 6 айлық нәрестеден бастап, кез-келген жан шұғылдана алады. Орталықта талапқа сай мінездері жуас 20 жылқы арнайы таңдалып алынған. Күніне әр жылқы 2 сағат адамдарға қызмет атқарады. 

терапия 1.jpg

Иппотерапияның адам ағзасына тікелей қандай пайдасы бар? 

Иппотерапияның арқасында ДЦП, аутизм т.б ауруға душар болған жас балалар өздерінің жүрістерін, қимыл-қозғалысын түзей алады. Әр бала аптасына 2 мәрте сейсенбі және бейсенбі күндері 20 минут бойы емделеді. Жалпы курстың ұзақтығы — 8 апта. Дегенмен, 8 апта балаға жеткілікті деп айта алмаймын. Ағза әр түрлі болғандықтан, бірі ерте, біріне кеш әсер етеді. Әзірге иппотерапия пилоттық жоба ретінде жұмыс істейтіндіктен, 3 ай бойы балалар толыққанды тегін емделді. 

Терапияның осы түрі елімізде неге енді ғана қолға алынды деп ойлайсыз? 

Иппотерапия — Астана қаласында 3 ай ғана ресми қызмет атқарса да, жалпы бұрыннан келе жатқан емдік әдістің түрі саналады. Былтыр маусым айында көптеген ата-аналар неге Астанада иппотерапияны дамытпайды? — деп, әкімшілік және министрлікке өз өтініштерін білдірді. Қуанышымызға орай, заманауи «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені ашылып, иппотерапияны дамытуға мүмкіндік туды.

Иппотерапия орталығы әзірге  тек Астанада ғана бар ма?  

Астана қаласынан бөлек, Атырау, Қостанай, Алматы қаласында бар. Тараз қаласы енді қолға алмақшы. Менің жоспарым — барлық қалаларды бір орталыққа біріктіріп, жүйелі түрде жұмыс істеу.

Барлық жаңалықтар