00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде анестезиолог-реаниматолог мамандар жетіспейді

12.06.2023 | 13:00
59
фото: gmseco.ru

Бұл туралы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында өтіп жатқан шеберлік сабағында "Астана медицина университеті"КЕАҚ балалар анестезиологиясы, қарқынды терапия және жедел шұғыл көмек кафедрасының меңгерушісі Нурила Малтабарова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Балалар дәрігерлеріне арнаған шеберлік сабағы «Балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясының заманауи мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылып отыр. Жиынға қатысқан "Астана медицина университеті" КЕАҚ балалар анестезиологиясы, қарқынды терапия және жедел шұғыл көмек кафедрасының меңгерушісі Нурила Малтабарова осы салада маман жетіспеушілігіне тоқталды.

Бүгінгі жиын балалар дәрігерлерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қазіргі таңда балалар денсаулығында жедел тыныс алудың жетпеуі, жоғары тыныс жолдарының бұзылуы  жиі кездесіп, ауруханаға түскен балалардың денсаулығы бірден нашарлайды.  Одан бөлек маман жетіспеушілігі де бар. Тек елордада ғана емес, еліміз бойынша балалар анестезиолог-реаниматолог мамандары аз. Себебі көп студент осы салада ересек науқастармен жұмыс істеуді таңдайды.Ал балалармен жұмыс істеуді қиын деп есептейді,- деді  Нурила Малтабарова.

Айта кетейік, елордада тек Астана Медицина университетінде ғана «Балалар анестезиологиясы, қарқынды терапия және жедел, шұғыл көмек» кафедрасы бар. Онда 63 студент оқыса, олардың 17 ғана балалар анестезиологиясы мен реаниматологы мамандығында білім алып жатыр. 

Барлық жаңалықтар