00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елдегі ең ұзақ өмір сүретіндер Астанада тұрады

28.08.2023 | 14:56
40
фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  І жартыжылдық қорытындысы бойынша кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарған. Халықтың өмір сүру ұзақтығы бойынша елорда өңірлер арасында бірінші орында тұр. Қалада өлім – жітім 29,7 пайызға, жарақаттар, жазатайым оқиғалар мен уланулар 16,7 пайызға азайған.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев қатысып, елордада денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. 

WhatsApp Image 2023-08-28 at 17.50.45.jpeg

Қазірдің өзінде елорда әкімдігі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл медицинаның заманауи халықаралық талаптарына сәйкес келетін патологиялық-анатомиялық бюроның жаңа ғимараты пайдалануға беріледі. 10 медициналық ұйымды күрделі жөндеу мен №1 қалалық емхананы қайта жаңарту жұмысы аяқталып қалды. Жеке инвестициялар есебінен әрқайсысы бір ауысымда 500 адам қабылдайтын 2 емхана ашылады. 2 қалалық емхана мен № 1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының базасында балалар травматологиялық пунктін ашу жоспарлануда,- деді Ерлан Бекмурзаев.

Отырыста Денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша аккредиттеу орталығының өкілі Ботагөз Каупбаева бірқатар медициналық ұйымға аккредиттеуден өткені туралы тиісті құжатты тапсырды.

WhatsApp Image 2023-08-28 at 17.50.44.jpeg

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу - бұл денсаулық сақтау ұйымында халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапалы, уақтылы, белгілі бір деңгейі үшін жағдайлардың болуын, Денсаулық сақтау жүйесінде стандарттардың сақталуын ресми мойындау. Елордада аккредиттеуге жататын 76 ұйымның  59 пайызы аккредитациядан өткен. Соңғы  8 ай қорытындысы бойынша мемлекеттік және жекеменшік 10 медициналық ұйым аккредиттеуден өтті. Ұлттық аккредиттеуден өтуімен құттықтаймыз,- деді Ботагөз Каупбаева.

WhatsApp Image 2023-08-28 at 17.50.35.jpeg

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Айнұр Төлеуова басқарма жұмысын қорытындылады. Ол баяндамасында науқастар тарапынан түсетін шағымдарға ерекше тоқталды. 

iKomek орталығының бірыңғай байланыс деректері бойынша денсаулық сақтау мәселелері бойынша биыл 6 айда 14 мыңнан астам  өтініш түскен. Оның 53,4 пайызы шағымдарға тиесілі. Азаматтардан көбірек шағымдар түсетін медициналық ұйымдар басшыларының тәртіптік жауапкершілігі мәселесін қарастыру қажет деп санаймыз,- деді Айнұр Төлеуова.

WhatsApp Image 2023-08-28 at 17.50.36.jpeg

Өзге де баяндамашылардың мәліметінше, қаланың денсаулық сақтау басқармасының, оның ішінде медициналық ұйымдардың жұмысы оң нәтиже көрсетті. 

Барлық жаңалықтар