00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Дәрігерлер инсульт алған науқастың сөйлеуін қалпына келтірді

21.09.2023 | 08:30
41

Алматы облысының дәрігерлері инсульттан кейінгі науқастың сөйлеу қабілетін қалпына келтірді, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына сөйлеу қабілеті бұлшық еттерінің (ерін, тіл, жұмсақ таңдай, дауыс қатпарлары, көмей, тыныс алу бұлшықеттері) иннервациясы бұзылған 60 жастағы науқас түскен. Тексеруден кейін аурухана дәрігерлері науқасқа инсульттан кейінгі дизартрия диагнозын, яғни сөйлеу қабілетінің бұзылуын қойды.

Жалпы, сөйлеу қабілетінің бұзылу себептері инсульт, бас миының жарақаттары, нейрохирургиялық араласулардың салдары, ісіктер және әртүрлі нейродегенеративті процестер болуы мүмкін.

Науқастың негізгі ауру белгілері артикул мүшелерінің қозғалғыштығының шектелуі, бұлыңғыр, оқылмайтын және баяу сөйлеу болды. Науқастың сөйлеуін қалпына келтіру үшін біз логопедпен жұмыс жасау керектігін байқадық. Диагностикалық тексеру барысында маман сөйлеу қабілеті бұзылуының қандай аспектілері бойынша болғанын қарап, жеке қалпына келтіру бағдарламасын жасады және логопедиялық массаж, тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, сөйлеу бұлшықеттерін дірілдетуді қамтитын жеке сабақтар өткізді. Науқасқа көрсетілген барлық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізілді, - деп бөлісті оңалту бөлімінің меңгерушісі Динара Наметова.

Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы, сөйлеу қабілеті орнына келіп, қалыпты жағдайдағы өміріне қайта оралған.

Барлық жаңалықтар