00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Дәрігерлер 62 жастағы әйелдің өтінен 1 730 тас алды

19.04.2023 | 21:00
38

Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 62 жастағы әйелдің өтінен 1 730 қиыршық тасты алып тастады, деп хабарлады Elorda.info.

Емдеу мекемесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, пациент №7 қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде оң жақ қабырға астының ауырсыну белгілері, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғап кету шағымдарымен түскен. Медициналық тексеруден кейін оған өт тас ауруы, жіті калькулозды холецистит диагнозы қойылған. Келесі күні жалпы анестезиямен, заманауи аз инвазивті технология бойынша – «Лапароскопиялық холецистэктомия» операциясы жасалды.

Бұл операция менің рекордымды жаңартты – осы жолы тек өт қабынан 1 730 тас алынды. Операция сәтті өтті. Денсаулықты сақтау және өт-тас ауруларына байланысты асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық және скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге кеңес беремін, – дейді операциялық топтың жетекші хирургы Мұса Сахипов.

Өтіне тас жинаудан рекорд орнатқан пациент отадан кейін 4 күннен кейін үйіне шықты.

Барлық жаңалықтар