00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Дәрі-дәрмек 11,4%-ға қымбаттады

03.08.2023 | 14:00
50
Фото: ашық дереккөз

2023 жылғы қаңтар-маусым айларында  Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді. Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі бұдан 0,9%-ға артық болған (73,3 млрд тг), деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрап отыр, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға аз. (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.

Сондай-ақ, өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.
 

Барлық жаңалықтар