00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ажар Ғиният қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісті ме?

17.01.2024 | 09:30
62
фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында өмірден өткен соң донор болуға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда медициналық емес, моральдық-этикалық тұрғысынан проблемалар бар. Адам өмірден өткеннен кейін оның ағзасы белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істей беретінін түсінуі керек. Денсаулық сақтау министрлігінде электронды тізім бар. Онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы өз ойын еркін білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық принципін білдірді, ішінде 15 %-ы келіскен. Біз бұл жұмыс бойынша ақпараттандыру шарасын жасаймыз. Мәселен, желтоқсан айында үлкен трансплантациялар болды. Екі донор тоғыз адамның өмірін сақтап қалды. Бұл мәселені жан-жақты талқылап, заң жобасын әзірлейміз, - деді министр. 

Журналистердің «Сіз ағзаңызды трансплантациялау үшін өмірден өткен соң донор болуға дайынсыз ба?» деген сауалына

Иә  мен дайынмын, ниет білдірдім,- деп жауап берді министр. 

Барлық жаңалықтар