00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық ғалым Хельсинки университетінде жаңалық ашты

31.07.2023 | 14:00
82
фото: дереккөз

Ғалым Гүлнұр Татыханова ашқан жаңалықтың пайдасы – офтальмология саласында қолданылатын көз тамшысының негізінде жасалғанында, деп хабарлады Elorda.info. 

Сәтбаев Университетінің  инженерлік бейімдеу зертханасы жетекшісінің орынбасары Гүлнұр Татыханова Финляндия мемлекетіндегі Хельсинки университетінде ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде. Бұл туралы Қ. Сәтбаев атындығы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның ғылыми жаңалығының ерекшелігі  – тамшы көз қабатымен жанасқанда өте жұқа және мөлдір пленка түзіп, дәрілік затты біртіндеп ұзақ уақыт сыртқа үздіксіз дозалық мөлшерде бөліп отырады.  

 Ғалымның аталған университеттің Химия департаментінің полимерлер және коллоидтар бөліміндегі зерттеу жұмысының мақсаты - «Офтальмология үшін әсер ету мерзімі ұзартылған көз тамшыларын полисахарид – геллан мен офлоксацин негізінде алу» атты жобаның зерттеу жұмыстарын жетілдіру. Сонымен қатар «Жұмсақ биоүйлесімді полимерлі наноқұрылым: офтальмологияның келешегі үшін нанофармацевтика препараттарын алу» тақырыбы негізінде зертханалық зерттеу жұмысын жүргізу.

Барлық жаңалықтар