00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада жыл сайын 300 мыңнан астам адам АИТВ-ға тексеріледі

01.12.2023 | 06:30
53
Фото: gov.kz

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні туралы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қанат Асқаров брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында Астана ЮНЭЙДС-тің «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» атты дүниежүзілік науқанына қосылды. Қоғамдастықтың негізгі міндеті – АИТВ-ның алдын алу және емдеу қызметтерін  көрсетуде туындайтын проблемалар мен олқылықтардың орнын жою. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2022-2023 жылдары халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлінді. Осы ретте халықтың негізгі топтарына профилактикалық қызмет көрсететін үш ҮЕҰ-мен ынтымақтастық құрылған. 

Бұл жобаларды жүзеге асыру халықты әлеуметтік жұмыспен қамту мәселелерін шешуге де көмектеседі, өйткені көптеген аутрич-жұмысшылар халықтың негізгі топтарының өкілдері және тұрақты табысы жоқ, - дейді Қанат Асқаров.

a46e39a5-3850-4b91-bc97-0f105f9f965a.jpg

Расында бұл жобалардың нәтижесінде 80 аутрич жұмысшы жұмыспен және жалақымен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты енгізудің арқасында халықтың негізгі топтарын профилактикалық бағдарламалармен жүйелі қамтуды арттырғаны байқалады. Сондай-ақ, КГН тобында АИТВ-инфекциясын ерте анықтау мен дер кезінде диспансерлік есепке алу және Астанада экспозиция алдындағы профилактикамен қамту  көрсеткіші өскен. 

Бүгінгі таңда Астанада АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Елордада жыл сайын 300 мыңнан астам адам АИТВ-ға тексеріледі. Осы жылдың 10 айында 343 855 АИТВ тестілері жүргізілген, халықты тестілеумен қамту 25,4% құраған. Бұл АИТВ-инфекциясының таралуын бағалау үшін жеткілікті көрсеткіш. Ерте тестілеудің арқасында АИТВ жұқтырғандардың 82 пайызы аурудың 1-2 бастапқы кезеңінде анықталды, бұл өз кезегінде науқастарды дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, соңғы бес жылда ЖИТС-тен болатын өлім-жітім екі есеге дерлік төмендеген. Бұл көрсеткіш Қазақстанда тегін берілетін және диагноз қойылғаннан кейін бірден басталатын антиретровирустық терапияның қолжетімділігін арттырудың негізгі нәтижесі.

АИТВ-ға кешенді көмек көрсетудің маңызды және ажырамас бөлігі АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу. АИТВ жұқтырған жүкті әйелдің АРТ қабылдауы сау баланың туылуын қамтамасыз етеді. 

Жоғары тиімді антиретровирустық терапияны енгізу арқылы пациенттеріміз жүктілікті жоспарлап, дені сау баланы дүниеге әкелу мүмкіндігіне ие болуда. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі перинаталдық берілу деңгейінің айтарлықтай төмендеуі және соңғы 3-4 жылда қалада вертикальді таралумен АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелмеген, - дейді Қ.Асқаров.

Астана қаласында онкүндікте дәрігерлердің, азаматтық белсенділердің, білім беру ұйымдарының, ведомстволық органдардың қатысуымен АИТВ-инфекциясы туралы хабардар ету, стигма мен адамдар арасындағы қарым-қатынаста кемсітушіліктің алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

Барлық жаңалықтар