00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада жаңа заманауи перзентхана салынады

21.08.2023 | 11:30
68
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимов Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 Спикердің айтуынша, қалада туу көрсеткіші өскендіктен жаңа перзентхана салу жөнінде шешім қабылданған. 

Қазір қалада туу көрсеткіші өте жоғары, біздегі үш перзентхана бәрін қамти алмайды, сондықтан жаңа төртінші перзентхананы – толыққанды кешенді перинаталды орталық салу туралы шешім қабылданды, - деді мәслихат төрағасы.  

Сонымен қатар ол қазір Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін толыққанды аурухананы жобалау жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.  Жер учаскесі Көктал саябағы маңында белгіленген.

Емханалар жүйесі бойынша елеулі жұмыс жүріп жатыр, өйткені азаматтар өтініштерінің 70%-75% - емханалар үлесінде, - деп атап өтті спикер. .

Барлық жаңалықтар