00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қызылшаға қарсы екпе инфекция ошақтарында жүргізіледі

06.12.2023 | 06:05
42
фото: avestnik.kz

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Брифингте бас санитар дәрігер елорданың эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама ұсынды. Оның сөзінше, қызылшаға қарсы екпе инфекция ошақтарында да жүргізіледі.

Жаппай вакцинация қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Екпе инфекция ошақтарында да жүргізілді, онда - 1733 байланыста болған адам егілді, сондай – ақ қызылшаға қарсы екпе алмаған 18 жасқа дейінгі адамдар анықталды. Жыл басынан бері 14 374 адам қызылша  жұқтырған, оның ішінде-12 746 егілді,- деді бас санитар дәрігер.

Сархат Бейсенова өз сөзінде, аурудың алғашқы белгісі байқалғанда дереу дәрігерлерден көмек сұрауды ұсынды.

Аурудың алғашқы белгілерінде дереу дәрігерлерден көмек сұрауды ұсынамын. Қызылшаның мынадай  белгілері бар. Температураның 38-40°C дейін жоғарылауы; бас ауруы, әлсіздік; тәбеттің төмендеуі; конъюнктивит, ринит, фотофобия; құрғақ жөтел; дауыстың қарлығуы; қызылша энантемасы – жұмсақ және қатты таңдайдағы үлкен қызыл дақтар, аурудың шамамен 3-4 күнінен басталып, бетінен денеге түсетін бөртпе. Осы орайда, қала тұрғындарына, әсіресе ата-аналарға айтарым, бүгінгі күні қызылша инфекциясын, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал – вакцинация екенін ұмытпайық.  Екпе күнтізбесіне сәйкес балаңызға міндеттелген қызылшаға қарсы вакцинация жасатуға және  қосымша жаппай иммунизациядан өтуге кеңес беремін,- деді ол.

Барлық жаңалықтар