00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада спорттық медицина қызметкерлері сауаттылық сағатын өткізді

30.01.2024 | 11:16
48

Жиында нашақорлықтың зияны, оның салдары, спорттағы наркомания туралы мекеменің медицина бөлімі жөніндегі басшының орынбасары Алмат Рамазанов пен хирург-дәрігері Нұрсұлтан Кеңесбек дәріс оқып, тақырыпқа кеңірек тоқталды. 

Сауаттылық сағаты барысында хирург-дәрігер Нұрсұлтан Кеңесбек мекеме қызметкерлеріне есірткінің адам ағзасына әсер ету жолдары, оның адам миының орталық жүйке жүйесінің қабілетіне кері әсері туралы айтып берді. Сонымен қатар, маман есірткіні тұтынған адамның ойлау, есте сақтау қабілетінің біртіндеп кеміп, ашуланшақ, агрессивті күйге енетіндігі жайлы арнайы бейне роликтер   көрсетілді.

Есірткі – адам өміріне жақсылық әкелмейтінін сіздер жақсы білесіздер. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Бүгінгі сіздерге арнайы дайындаған видеороликтерімді пайдалы ақпарат ретінде қолданып, нашақорлыққа қарсы күресуіміз керек. Сондай-ақ барынша зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек, - деді Н.Кеңесбек.   

e1e435d9d883d75936a7872b666bf89b_1280x720.jpeg

Осындай бағыттағы жиындарды алдағы уақытта да үзбей ұйымдастырып тұратынын алға тартқан орталық басшысы медицина бөлімі жөніндегі орынбасары Алмат Рамазанов та есірткінің зияндылығы туралы өз ойын ортаға салды. 

Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді.

Білместікпен әрі «дәмін көрейін» деген әуестікпен жаңа дүниені тұтынғандардың тәуелділікке бірте-бірте таңылуы оп-оңай. Алайда, олар бұл қызығушылықтың салдарын ойлай бермейді.  Біз үшін мұндай жиын өте маңызды, өйткені біздің мекеме тікелей спортшылармен жұмыс істейді. Сол себепті нашаны тұтынудың ғана емес, есірткі заттарын тасымалдап, сатып, сақтаудың да соңы жауаптылыққа соқтыратынын үнемі   айтып отырамыз, - деді ол.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар