00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақты

14.02.2024 | 11:48
72
Фото: дереккөз

Ағымдағы эпидемиялық маусым басталғалы бері 508 науқас ауруханаға жатқызылған және 145 амбулаториялық науқас вирусологиялық әдіспен тексерілген. Оның 221-нен «А» типті тұмау вирусы анықталған. Соған қарамастан елордада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Күн сайын оқшауланған жағдайлар тіркелуде, қала «жасыл» аймақта. 

Ал Астанадағы қызылша бойынша жағдайы керісінше қолайсыз. Жыл басынан бері Астанада қызылшаның 2 278 бастапқы және 609 расталған жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 429 жағдай. Қазір ауру көрсеткіші ересек контингентке ауыса бастаған. Қарқынды көрсеткіш 25,2-ден 40,2-ге немесе 37,3%-ға өскен. Бұл ретте жүргізіліп жатқан қосымша жаппай иммундау желтоқсан айымен салыстырғанда бір жасқа дейінгі, 1 жас және 2 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылықтың төмендеуіне әсер етті. Мәселен, 1 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы 15%-ға, 1 жастағы балалар 8,5%-ға және 2 жастағы балалар тиісінше 21,3%-ға төмендеді, - деді С.Бейсенова.

Айта кетейік, жыл басынан бері республика бойынша көлік нысандарында ЖРВИ-дің 276 жағдайы тіркелген. Халықаралық авиарейстердің жолаушылары арасында жұқпалы респираторлық вирустық инфекцияның 3 сырттан келген жағдайы анықталған. Көлік қызметкерлері арасында коронавирус тіркелмеген. Биыл қызылша ауруының 29 жағдайы тіркелген. Ауруға көбіне теміржол көлігі мен әуе көлігі қызметкерлері шалдығады. Қызылшаның жолаушылар арасында 10 жағдайы анықталған. 

Барлық жаңалықтар