00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада күйзеліспен күресуге арналған семинар-тренинг өтті

27.09.2023 | 11:00
35
Фото: автордан

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында “Стресс-менеджмент және тұлғаның кәсіби қызметіндегі стрестің алдын алу” атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлады Elorda.info

Семинар-тренингті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті ұйымдастырылды.   

Іс-шарада мемлекеттік қызметкерлерге күйзеліске қарсы тұру, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыруға қажетті әдіс-тәсілдер айтылды. 

тренинг 2.jpg

Қандай жұмыста да күйзеліс болады, Жұмыс көп болғасын “сен жамансың, жоқ, сен жамансың” деп тәжікелесу басталады. Тәжірибеме сүйенсем, арыз-шағымның 60 пайызы қызметкерлер арасында туындайтын айтысқа байланысты. Қазір бұрынғыдан да стресстік ситуациялар көбейіп кетті. Сондықтан осы тренингтен эмоционалдық күйзеліске ұшырамаудың амалын үйреніп алсаңыздар, бұл ең алдымен өз денсаулықтарыңызды сақтауға көмектеспек, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев. 

Дәріс өткізушілердің айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің бойында ақыл-ой интеллектісімен қоса эмоционалды интеллект те жоғары болуы керек.

Басшылар ең бірінші қарамағындағы қызметркерлермен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрену керек. Өйткені ол ұжымда жұмысқа қолайлы аура жасауы тиіс. Қазіргі заманғы басқаруда ұжым қызметкерлері басшыға авторитарлы тұлға ретінде емес, мотиватор ретінде қараса, бұл - оның мықтылығының дәлелі. Тәртіп болу керек, бірақ дауыс көтермеу керек. Сабыр сақтау, салқынқандылық таныту арқылы ол өз денсаулығын сақтап қана қоймайды, бүкіл еңбек процесіне оң нәтиже әкеледі, - деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы, психолог Анаргүл Әбдікәрімова.

Семинар-тренингті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушылары Ғанижамал Боранбаева мен Анаргүл Әбдікәрімова жүргізді.

Салтанат Мұратқызы

Барлық жаңалықтар