00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматыдағы АИТВ жұқтыру оқиғасы: Прокуратура медициналық мекемелерді тексеруді тапсырды

04.08.2023 | 03:00
44

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде, деп хабарлады Elorda.info Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді.

Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-
диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді,- делінген ведомство таратқан мәліметте. 

Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда.

Айта кетейік, бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында.

Барлық жаңалықтар