00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Аңсаған сәби» бағдарламасымен екі үшем қатар дүниеге келді

14.07.2023 | 09:30
37
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

«Аңсаған сәби» бағдарламасы еліміздегі репродуктивті жүйесінде қандайда бір қиындығы бар  әйелдерді ана болу бақытын сезіну мүмкіндігін сыйлап отыр, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәл осылай осы жазда Шығыс Қазақстан облысындағы екі отбасы ата-ана болу бақытына ие болды. Олардың әрқайсысы бірден үш баламен толықты.

Солардың бірі Шемонаиха ауданының 28 жастағы тұрғындары Марина Строкань мен оның жұбайы. Жүктіліктің 34-ші аптасында жас ананың София, Виктория және Дарья атты қыздары өмірге келді. Босану кесарь тілігі арқылы жүзеге асырылды. Бұл - отбасындағы тұңғыш балалар. 

«Қыздардың атын әкесі  қойды», - деп қуанышымен бөлісті Марина. Ол келесі аптада үшемдерімен бірге  үйге шығатынына сенімді, өйткені қазір қыздардың әрқайсысы екі келі салмақ жинапты.

Ал Өскемен қаласының тұрғыны Жансая Ахмадиева мен оның күйеуі тоғыз жылға жуық перзент армандаған екен. Биыл репродуктивті технологиялар мен «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында Жансая ақыры ана атанды. Ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан квота арқылы  ЭКҰ рәсімінен тегін өтті.

Ата-аналар жаңа туған үшемдердің есімін Ералы, Ерасыл және Зере  деп атады. 

Ұлдар   тынышсыз және мазасыз, қазірдің өзінде мінез көрсетеді. «Қызым маған ұқсайды -тыныш   және салмақты», - дейді үшемнің бақытты анасы.

 Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО-да дәл осындай әдіспен үш үшем өмірге келді.  

Барлық жаңалықтар