00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Хижама жасауға кімдерге тыйым салынады

31.03.2023 | 23:46
Айман Нығмет
31

Халық арасында дәстүрлі емес медициналық амалдар жасау кең таралған. Дәстүрлі және халықтық медицина (емшілік) объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс екіндігін білген жөн. Бұл туралы №9 емхананың педиатр дәрігері Наркес Әділханова айтты, деп хабарлады Elorda.info қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Хижама жасау қан қысымының төмендеуіне, анемияға алып келеді. Одан басқа инфекциялық аурулардың таралу қаупі жоғары болады, қан арқылы жасалатын кез келген процедура адам өмірі үшін қауіпті және  АИТВ, гепатит инфекцияларын жұқтыру қаупі туындайды, - дейді Наркес Әділханова.

Бұл шараны 12 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге және жасы 60-тан асқан адамдарға жасатуға болмайды. Сондай-ақ қан қысымы төмен, созылмалы жүрек, қан-тамыр ақаулары мен психикалық ақаулары бар адамдарға және онкологиялық ауруға шалдыққандарға тыйым салынады.

Айта кетейік, сапасыз қызмет көрсету және денсаулыққа зиян келтіру туралы кез келген шағымдармен Ішкі істер органдарына жүгінген жөн. Емшілік әдістерін қолдану кезінде адам денсаулығына зиян келтірген адам «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 132-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Барлық жаңалықтар