00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстанда онкологиялық аурулар өлім-жітімі 33 пайызға төмендеді

31.03.2023 | 23:37
Сабина Кәкімжан
27

Елімізде онкологиялық аурулар өлім-жітімі 33 пайызға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты,  деп хабарлады Elorda.info.

Соңғы 20 жылдың ішінде елде онкологиялық аурулармен аурушаңдық 25%-ға артып, одан болатын өлім-жітім 33%-ға төмендеді. Осындай үрдіс Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде де байқалады. Бұл елдерде  салыстырма түрінде 5 жылдық өмір сүру ұзақтығының деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда жоғары.Елімізде онкологиялық аурулар барлық аурулардың құрылымында 7-орында, өлім-жітім қанайналым жүйесі ауруларынан кейін 2-орында тұр, - деді министр.

Барлық жаңалықтар