00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Дұрыс тамақтануды әр адам өзiнен бастауы тиiс – дәрігер кеңесі

31.03.2023 | 22:24
Елорда ақпарат
51

Астана қаласы №10 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Альфараби Қошмағанбет әр адам дұрыс тамақтану қажеттігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ас қорыту жолдары ағзаның өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен біз витаминдер, микроэлементтер, ақуыздар, майлар, көмірсулар, талшықтар және пайдалы қышқылдар аламыз. Олардың кейбіреулері жасушалар үшін құрылыс материалы ретінде қызмет етеді, бізді энергиямен қамтамасыз етеді. Басқа заттар ағза мүшелері мен жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді. Сондықтан асқазан-ішек жолдарының аурулары адам өмір қалпын бұзып қана қоймай, адам денсаулығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Дұрыс тамақтануды әр адам өзiнен бастауы тиiс. Қазір әлемде адамдар фаст-фудпен, құрамында консерванттар мен түрлі химиялық қоспалар бар майлы тағаммен тамақтануды көбірек таңдайды. Артық диета, жаман әдеттер және дұрыс емес өмір салты ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкеледі, ұзақ мерзімді емдеуді қажет ететін ауыр патологиялардың өршуін тудырады. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу балалар мен ересектерде аурудың өршу қаупін азайтуға көмектеседі, – деді дәрігер.

Дұрыс тамақтану принциптері балалардағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының, колиттің, гастриттің, дуодениттің, дисбактериоздың негізгі профилактикалық шарасы болып табылады. Семіздікке шалдыққан адамдар шектен тыс көп тамақтанып, көбінесе майлы тағамдарды тұтынады. Мұндайда асты сіңіруде қиындықтар туындап, гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы, гастритті өршіп, болашақта он екі елі ішектің ойық жарасына әкелуі мүмкін. Одан соң бауыр зардап шегеді, өйткені оның майларды өңдеуге уақыт жоқ.

Асқазан қатерлі ісігінің алдын алу дәрі-дәрмектерді дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қолданудан тұрады. Егер асқазан-ішек жолдарының аурулары болса, гастроэнтерологпен үнемі емделу керек, ас қорыту жүйесіне әсер етпейтін дәрі-дәрмектерді қабылдау керек.

Барлық жаңалықтар