00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Дәрігерлер ине жұтқан 3 жасар баланы аман алып қалды

31.03.2023 | 22:17
Айман Нығмет
31

Таразда дәрігерлер бірнеше тігін инесін жұтып қойған үш жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.  

Анасы киім сырғытпасы мен тігін инесін жұтып қойды деген шағыммен Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне жүгінген. Кішкентай науқасты бас дәрігердің орынбасарлары Сейдахмет Чинибеков пен Мәулім Кенжалы емдеді.

Ішке рентгенография түсіру кезінде сырғытпадан бөлек басқа, асқазанда екі тігін инесі табылды. Эзофагогастродуоденоскопия процедурасынан кейін ине асқазаннан алынып тастады.

Науқас мамандардың бақылауымен ЖОКБА хирургиялық бөлімшесінде қалдырылды. Нәтижесінде киім сырғытпасы өздігінен шықты. Іштің R-граммында іштің жоғарғы сатысында тағы екі ине және жамбас проекциясында бір ине бары анықталды. ЭФГДС қайта жасалып, асқазаннан ине алынып тасталды. Кейін колоноскопия көмегімен сигма тәрізді ішекке бекітілген ине де алынып тасталды, – деді жоғары санатты хирург-дәрігер Сейдахмет Байдуллаұлы.

Барлық жаңалықтар