00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстанда вакцинаның қандай түрлері бар

31.03.2023 | 21:28
Елорда ақпарат
43

Елімізде халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, алғашқы ревакцинацияны 5,7 млн адам немесе егілуге тиісті халықтың 70%-ы, қайта ревакцинацияны – 1,2 млн-нан астам адам немесе егілуге тиісті халықтың 55%-ы алған, деп хабарлады Elorda.info.

Бірінші ревакцинациямен күніне орта есеппен 2 500 адам, қайта ревакцинациямен – 4 500 адам егіледі. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен күніне орташа 100-ден астам адам егіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакциналардың 3 түрі бар: Казвак, Sinofarm және Pfizer, - деді вице-министр.

Айта кетейік, КВИ-ге қарсы ревакцинация әлі де инфекциядан қорғанудың жалғыз тәсілі болып отыр.

Барлық жаңалықтар