00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Алтай Көлгінов халықты вакциналау жұмыстарын жандандыруды тапсырды

31.03.2023 | 21:08
Елорда ақпарат
28

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ өңірлердің басшылары қатысты.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Тәулігіне  КВИ+ 235 және КВИ- 40 жағдайы тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға артқан (аптасына 1 001 жағдайдан 1 283-ке дейін). 

Бүгінгі таңда барлық өңірлер – “жасыл” аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылады, — деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Бүгінгі таңда бірінші компонентпен егілгендер жалпы халықтың 81,1%-ын құрайды, екінші компонентпен егілгендер саны – 79,3%, алғашқы ревакцинациядан 5,6 млн адам немесе тиісті халықтың 70%-ы, қайта ревакцинациядан 1,1 млн адам немесе тиісті халықтың 51,9%-ы өтті. 

Барлық жаңалықтар