00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша 420 адам жедел тестілеуден өтті

Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында мекеме басшысы Сәбит Абдраимов елордада АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша өткен онкүндік туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Әлем бойынша 1986 жылдан бері 1 желтоқсан ЖИТС-ке қарсы күрес күні болып аталып өтіп келеді. Осы датаға орай қаламызда 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Теңдік уақыты!» тақырыбы аясында онкүндік жарияланды. Науқан барысында қала тұрғындары, әсіресе, жастар арасында АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу және  АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қоғамдағы теңдігі мәселелеріне негізделген іс-шаралар өткізілді. Науқан кезінде екі мыңнан аса қала тұрғыны әр түрлі ақпаратпен қамтылып, соның ішінде 420 ерікті тұрғын АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті, – деді орталық басшысы Сәбит Абраимов.

Онкүндік аясында адамдар көп жиналатын орындарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, базарларда, теміржол вокзалдарында АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша ірі акциялар өтті.

Барлық жаңалықтар