00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ауыл тұрғындары саны 500-ге жетсе, фельдшерлік-акушерлік пункттер ашуға болады – Ажар Ғиният

Биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Ел халқына, оның ішінде ауыл тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жаңа мемлекеттікнорматив бекітілді. Енді  50 адамға дейінгі ауылдарда медициналық көмекті мейіргер үй-жайсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайып, фельдшерлік-акушерлік пункттер ашуға болады, – деді министр. 

Оқи отырыңыз: Елімізде өлім деңгейі төмендеді – министр

Министр сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдарда инвентаризация жүргізілген. Нәтижесінде 200-ден астам елді мекенде медициналық объектілер жоқ. Ал 400-ге жуық медициналық объекті жалдамалы, апаттық, бейімделген ғимараттарда орналасқан.

Ал медициналық инфрақұрылымының тозуы 50%-дан асады.

Барлық жаңалықтар