00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат әрқашан жетпейді – сарапшы

31.03.2023 | 20:03
Елорда ақпарат
35

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Мақсұт Құлжанов медицина саласына бөлінетін қаражаттың жалпы ішкі өнімдегі үлесін көбейтуді ұсынды, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Дені сау ұлт қалыптастыру - Қазақстанның ғана емес, жаһандық мәселе. Сондай жаһандық мәселенің бірі – мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігі. Ғылыми әдебиетті қарасақ, ол мәселе Ұлыбританияда да, АҚШ-та да пікірталас тақырыбына айналғанын көреміз. Жеке сектор мен мемлекеттің өзара әрекеті қажет. Бұл әлеуметтік әділет, медициналық көмектің қолжетімділігі тұрғысынан қажет. Қазір біз «жеке меншік медицина сапалы», «жеке меншік медицина емделуші үшін қауіпсіз» деген сөздерді аксиома сияқты айтып жүрміз. Бірақ жекеменшік медицина қымбат. Оған әркімнің қолы жете бермейді. Сондықтан, біздің мемлекеттік медициналық ұйымдар да жеке меншік ұйымдар сияқты тиімділік және рационалдылық талаптарына сай болуы керек, - деді сарапшы денсаулық сақтау басшыларының екінші республикалық форумында.

Оның пайымынша, салаға бөлінген ақшаның көбейгенін айтып қана қоймай, оның қарапайым халық өміріне қандай өзгеріс әкелгеніне де мән беру керек.

Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат ресурс әрқашан жетпейді. Жыл сайын көбейтіп жатса да солай. Бірақ салаға бөлінетін қаражатты жалпы ішкі өнімге шақсақ, бір орында тұрғанымызды көреміз. Бір кезде салаға 200 млрд теңге бөлінсе, кейін 900 млрд теңгеден асты. 5 еседей өскен. Ал қазір 2 трлн теңгеге жетті. Бірақ осы 2 трлн теңгені төмендегі қарапайым емделушілер қалай сезініп жатыр? Неге көптеген медициналық ұйымдар көмек көлемін шектеп жатады, қолдан жасалған шектеулер қояды. Бұл да осы қауымдастық аясында, бүгінгі форумда талқылауды қажет ететін маңызды мәселе деп ойлаймын, - деді Мақсұт Құлжанов.

Барлық жаңалықтар