00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Pfizer вакцинасы: АҚШ Қазақстанға 1 миллион доза береді

31.03.2023 | 19:53
Айман Нығмет
31

Ашық НҚА порталында жарияланған ҚР Үкіметі мен АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы гуманитарлық көмек көрсету туралы келісімнің жобасында АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын беретіні айтылған, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр – ДСМ

Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның 500 мың дозасы ересектерге арналған болса, қалған 500 мыңы 5-11 жастағы балалар арасында пайдалануға арналған Pfizer екпесі. Оған қоса АҚШ Фармакопеясының талаптарына сәйкес Fresenius Kabi компаниясы шығарған инъекциялық натрий хлоридінің тиісті мөлшері (дозасы 2 мл (дилюент) беріледі.

Деректерге сәйкес, Қазақстан бұл гуманитарлық көмекті тек Қазақстан халқын вакциналауға ғана пайдалана алады. Яғни, вакциналарды сатуға немесе қайта экспорттауға тыйым салынады.

 

Барлық жаңалықтар