00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Министр: Ауылдарда 1700-ден астам медицина қызметкері тапшы

31.03.2023 | 17:55
Сабина Кәкімжан
33

Еліміздегі ауылдарда 1 700-ден астам медицина қызметкері тапшы.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ауыл халқының денсаулығына келетін болсақ, көбіне тыныс алу ағзаларының ауруларынан зардап шегеді. Олардың ішінде: ас қорыту – 9%, несеп-жыныс жүйесі – 6,3%, қанайналым жүйесінің аурулары – 5,4%, жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулар – 4,6%-ды құрайды. Онкологиялық аурулар 1%-ды құрайды, - деді министр.

Министр медициналық кадрларды ауылға тарту үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмыс жоспарлы жүргізіліп жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Елімізде қанша жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді

Медициналық кадрларды ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды. Келген әрбір дәрігерге 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді. Ал кейбір әкімдіктер үш-бес миллионға дейін (Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында) жәрдемақы бөледі, - деді А. Ғиният.

Қазіргі танда ауылдық жерлерде 67 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде – 13 мың дәрігер, 54 мың – орта медицина қызметкері.

Ауылда резиденттер міндетті практикадан өту үшін «Резиденттер ауылға» пилоттық жоба пысықталып жатыр. Мемлекет басшысы үш жылдың ішінде резидентураға берілетін гранттар санының жыл сайын 70%-ға ұлғаюын қамтамасыз етуді тапсырды, - деді министр.

Барлық жаңалықтар