00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Балаларға манту орнына вакцина салған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

31.03.2023 | 17:33
Елорда ақпарат
32

Ақтөбеде жекеменшік медициналық мекеме қызметкерлері оқушыларға манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салып жіберген еді. Енді олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Elorda.info.

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция бөлімі манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бабы бойынша іс қозғалды. Медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу облыс прокурорының бақылауында болады, – деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Барлық жаңалықтар