00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Биыл тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды

31.03.2023 | 17:30
Елорда ақпарат
27

Өткен жылы республикада ЖРВИ-мен 3,9 млн адам ауырды, 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда ел бойынша сырқаттанушылық 1,3 есе өсті. Ауырған адамдардың 80%-ы – балалар мен жасөспірімдер. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, былтыр A (H3N2) және B тұмау вирусының 2 штамы айналымда болды, барлығы тұмаудың 915 жағдайы анықталған, секвенирлеу нәтижесі бойынша штамдар вакциналық штамдарға сәйкес келген. 

Тұмаудан басқа елімізде тұмауға жатпайтын вирустар да айналымда болады. Өткен маусымда барлығы 10 мыңнан астам үлгі зерттелді, риновирус, РС вирус, парагрипп, метапневмовирус, бокавирус анықталды. Аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілі – ванцинация. Вакциналар қауіпсіз, тиімді және 60 жылдан астам уақыт қолданылып келеді. 
Осы жылы Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Вакцинаның құрамында алдағы маусымдағы тұмауға қарсы штамдар бар. Бұл республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ кемінде 10% ұсынады, - деді вице-министр.

Барлық жаңалықтар