00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Вакциналардың жаңа партиясы адам өміріне қауіпті ме

25.02.2023 | 12:16
Елорда ақпарат
32

Telegram мессенджері арқылы тараған хабарламада ірі фармацевтикалық компаниялардың коронавирусқа қарсы вакцинаның жаңа партиясын «иммундық импритингті» туғызу үшін шығарып жатқаны туралы айтылады.

Соның нәтижесінде тәжірибелік вакцинаны салдырған адамдар ауырып өледі, - делінген ақпаратта.

COVID-19 қатысты иммундық импринтингті Лондон Императорлық колледжінің иммунология профессоры Дэнни Альтман өз еңбегінде сипаттап берген. Иммундық импринтинг кезінде коронавирустың бір түрімен ауырған немесе оған қарсы вакцина алған адамның ағзасындағы тікенек тәрізді ақуыз коронавирустың басқа нұсқасына әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, коронавирусының «альфа» нұсқасын жұқтырған немесе дәл осы нұсқа негізінде вакцина салдырған адам «дельтаны» жұқтырғанда басқаша ауырады.

Алайда бұл вакциналар тиімділігін жоғалтады немесе өлімге әкеледі дегеннің белгісі емес. Сан-Францискодағы Калифорния университетінің медицина профессоры Моника Ганди Medical Mews Today порталына патоген нұсқасында жасалған түпнұсқа вакциналарды қолдану әлі де өзекті және ауру жұқтырған жағдайда оның ауыр ағымынан мен өлімнен қорғай алатынын айтты, - делінген материалда.

Оған қоса, бір өндіруші әртүрлі уақытта шығарған вакцина партиялары құрамы жағынан өзгермейді. Демек, адам ағзасына басқаша әсер етпейді.

Барлық жаңалықтар