00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бүгінде ревакцинация маңызды ма

25.02.2023 | 09:48
Айман Нығмет
32

Адам ағзасын вирустан сақтандыру үшін сенімді қорғаныс қажет. Алдағы уақытта аурудың өсуі популяциядағы омикрон штамының BA.4/ВА.5 субварианттарымен таралуымен байланысты болуы мүмкін. Олар алдыңғы түрлеріне қарағанда иммунитетті айналып өту қасиетіне ие.

Ревакцинация  елімізде ауруханаға жатқызуға қарсы тиімді және аурудың ауыр, асқынған жағдайларына қарсы 98,6% тиімді. Сонымен қатар бұл постковидті синдромнан қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес соңғы алынған екпеден немесе ауырғаннан кейін жарты жыл аралығымен қайта вакцинациялауға болады,-деді Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, бірнеше рет жасалған вакцинациядан кейін антидене титрлері күшейе түседі, яғни COVID-19-дан қорғаныс  жоғары болады.

 

Барлық жаңалықтар