00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде науқастарға күн сайын 1 мыңнан астам доза қан құйылады

25.02.2023 | 08:51
Елорда ақпарат
32

«Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығы» РМК-ның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дулат Имашпаев қан орталықтарына күн сайын еріктілер келетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол ауыр созылмалы аурулары болмауы тиіс ҚР кез келген кәмелетке толған азаматы донор бола алатынын атап өтті. Қан тапсыру алдында донордың денсаулығын қан орталығының дәрігері қосымша бағалайды, сондай-ақ донордың қанына зертханалық тестілеу жүргізіледі.

«Қауіпсіз қан құюды қажет ететіндердің барлығына қол жетімді болуы үшін барлық елдерде ерікті, ақысыз және үнемі қан тапсыруға дайын донорлар болуы керек. Халықтың кеңінен және белсенді қатысуын қамтамасыз ететін қан донорлығының тиімді бағдарламасының болуы бейбіт уақытта да, сондай - ақ төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалар кезеңінде де, қанға қажеттілік күрт өсетін немесе қан қызметтерінің қалыпты жұмыс режимі бұзылған кезде де қажетті қан құюды уақтылы орындауға мүмкіндік береді», - деді Дулат Имашпаев.

 

 

Барлық жаңалықтар