00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздің 12 өңірінде «Стэлс-Омикрон» штамы анықталған

25.02.2023 | 08:36
Елорда ақпарат
35

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингінің нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясының әртүрлі штамдарының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы – 98,6%, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стэлс-Омикрон» – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды.

ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Жүргізілген толық геномды секвенирлеу нәтижесі бойынша BA.2 «Стелс-Омикрон» штамының – 93,8% (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 «Омикрон» штамының – 6,2% (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды, -  делінген ведомство хабарламасында.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.

Қазіргі уақытта елімізде КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі бар (Пфайзер, Синофарм және КазВак), оның ішінде 2-еуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.

Барлық жаңалықтар