00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Жалған ақпарат: Маймыл шешегінен қорғайтын бетперде сатылады

25.02.2023 | 08:32
Елорда ақпарат
30

Stopfake.kz мәліметінше, маймыл шешегі ауруының таралуына байланысты адамдарды қоғамдық орындарда қайтадан маскамен жүруге міндеттейді деген пікірлер негізсіз. Маймыл шешек вирусы ауа тамшы жолларымен ұзақ және жақын байланыс болғанда ғана беріледі. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ұсыныстарында басқа отбасы мүшелері жанында болған кезде маймыл шешек ауруын жұқтырғандар маска тағуы керек

Оқи отырыңыз: Әлемнің 27 мемлекетінде маймыл шешегі анықталды

Қазнетте қорғаныш маскалары қойылған витринаның суреті тарады. Олардың кейбіреулері маймыл бейнеленген қораптармен сатылады. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл маймыл шешегінен қорғайтын арнайы маскалар. Сондай-ақ жақын арада бұл маскаларды бәрі де сатып алуға міндетті болады деген пікірлер жазылды. Суретте көрсетілген медициналық маскалар тек маймыл шешек ауруынан ғана қорғайтындай арнайы немесе ерекше емес. Бұл өте қарапайым FFP2 маскалары, ал түрлі түсті суреті бар қораптағы бетперделер балаларға арналған. Демек, маймыл шешек ауруынан қорғайтын арнайы маскалар сатылады деген ақпарат жалған, – деп жазылған хабарламада.

 

 

Барлық жаңалықтар