00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Кофе ұйқысыздыққа шалдықтырады

25.02.2023 | 08:01
Елорда ақпарат
44

Осы уақытқа дейін зерттеушілер кофенің пайдасы мен зияның егжей-тегжейлі зерттеген. Бірінші кезекте кофе есте сақтау қабілетін арттырады, көңіл күйді көтереді, метоболизм процесін жылдамдатады. Кофеин ағзаның қозғалыс, есте сақтау және ойлау қабілеттеріне жауап беретін дофамин гормонын белсенді бөлдіреді. Сингапур ғалымдары күн сайын екі немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішу арқылы өтте тас жиналмайтынын анықтаған. Кофенің пайдасын әріқарай жалғастыра беруге болады. Бірақ оның зияның да ескерген жөн.

Егер қандай да бір дәрі қабылдап жүрсеңіз, дәрігерден оны кофемен бірге ішуге болатын-болмайтыны туралы сұрап алыңыз. Себебі кофе дәрілік заттардың әсерін арттырып немесе керісінше әлсіретіп жіберуі мүмкін. Кофе ішкен адамдар жеміс шырынын, газдалған немесе өзге де тәтті сусындарды ішуге құмартып тұрады екен. Бұл шешімді австралиялық ғалымдар шығарған. Огайо штатындағы Ұлттық денсаулық институтының профессорлары 500 жұпқа зерттеу жасады. Олар күніне екі шынаяқтан артық кофе ішкендерде түсік тастау қаупі жоғары болғанын анықтады. Сондай-ақ жүктіліктің алғашқы жеті аптасында кофе ішу де зиян дейді ғалымдар.

Италия ғалымдары 18 бен 45 жас аралығындағы 1200 адамға зерттеу жасай келе, көп кофе ішетін адамдарда қан қысымы 4 есе жоғарылайтынын дәлелдеді. Ал 2 шыныаяқ кофе ішетіндерде ол 3 есе жоғарылайды.

Кофенің денсаулыққа пайдалы және зиянды жақтары да бар екенін естен шығармаңыз. Сондықтан ғалымдар күніне 300 мл ғана кофеин қабылдауға кеңес береді. Ол шамамен 3-4 шыныаяқ ұнтақталған кофе немесе 5 шыныаяқ ерігіш кофе. Сондай-ақ, егер сізде асқазанда, қуықта немесе қан қысымына байланысты аурулар болса, кофеден мүлдем бас тартқаныңыз дұрыс.

 

Барлық жаңалықтар