00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Омикроннан кейін жаңа штамм келуі мүмкін бе

25.02.2023 | 01:30
Елорда ақпарат
31

Егер барлық ел қажетті ережелерді, қағидаларды ұстанатын болса, біз пандемияны 2022 жылы жеңіп шыға аламыз. Жаһандық деңгейде COVID-19-ды денсаулық сақтау саласынан төтенше жағдай,қауіп ретінде алыстатып,одан толық арылуымыз мүмкін, - деді ДДСҰ басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус.

Оның сөзінше, әр мемлекеттің 70% халқы екпе алып, қауіпсіздік шараларын сақтап жүрсе, жеңіс жақын. Алайда елімізде пандемияға қарамастан той мен жиындар легі үзілер емес.

Алайда вирусолог мамандар бұрынғыдай қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн дейді. Өйткені COVID-19 табиғи құбылыс, сондықтан толық жойылмауы мүмкін деп отыр

ДДС ұйымының болжауы бойынша егер омикрон бүкіл елде таралып бітсе, осы 2022 жылдың аяғында аяқталуы мүмкін деген болжам жасады. Бірақ бұл дегеніміз вирустың жойылып кетуі деген сөз емес. Вирус тұмау ауруы сияқты біздің арамызда қалады. Бірақ жаңа толқын, жаңа штамм пайда болмауы мүмкін деген болжам жасап отыр, - деді вирусолог Ақнұр Мүтәлиева.

Отандық мамандар да пандемиямен осы жылы қош айтысуымыз мүмкін екенін  жоққа шығармайды. Олардың пайымынша, омикрон барлық штамды ығыстыратын соңғы вирус болуы ғажап емес. Бірақ, «сақтықта қорлық жоқ». 2 жыл дес бермеген вируспен ұзақ арпалысқандықтан, енді аяқты аңдап басқан жөн деп отыр.

 

Барлық жаңалықтар