00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада алты мыңға жуық баладан коронавирус анықталды – Сархат Бейсенова

25.02.2023 | 00:01
Елорда ақпарат
25

Жалпы сырқаттанушылықтың 80%-ын ересектер құрайды, оның 53%-ы 25-55 жастағы адамдарға тиесілі. 0-17 жас аралығындағы балалардың үлес салмағы жалпы сырқаттанушылық құрылымында 17%-ды құрайды, оның ішінде ең көп зардап шеккен топ 12-17 жас аралығындағы балалар. Оларға 28,2% тиесілі, - деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, жыл басынан бері оқушылар арасында 5 929 жағдай тіркелген, оның ішінде 365 оқушы оффлайн, 3 345 оқушы онлайн оқуда болған, 2 219 адам демалыста болған кезде (17 қаңтарға дейін) ауырып қалған.

Мектеп жасындағы балалардың аурушаңдығын және олардың ағымын талдай отырып, ВАК отырысының шешімі негізінде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 14 ақпаннан бастап барлық сынып оқушыларын дәстүрлі оқыту форматына көшіру туралы қаулы шығарды, – деп еске салды санитарлық дәрігер.

Барлық жаңалықтар