00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық театр ұжымы ревакцинациядан өтті

24.02.2023 | 22:47
Елорда ақпарат
33

Қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы ол – вакцинация. Соңғы уақытта әлемде де елімізде де ауру саны қайтадан өсуде. Сондықтан театр директоры Асхат Максимұлы өзі бастап өнер иелері екпенің ревакцинация кезеңіне қатысты.

Алдағы уақытта театрға көрермендердің келуіне мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сондықтан ең бірінші кезекте сахнада өнер көрсететін театр артистері ревакцинациядан өтті. Көрермендердің қауіпсіздігі үшін және сахнада еңбек ететін шығармашылық өкілі иелерінің денсаулығы үшін қоғамдық ортада қауіпсіз жүру мақсатында үшінші кезеңдегі ревакцинацияға үн қосып, вакцина компонентін салдырды.

Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров осыдан 6 ай бұрын «Sputnik V» вакцинасын қабылдаған еді. Театр директорымен бірге режиссер Мекан Жұмабаев, театр актері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов, театр актері Ермахан Аймахан «Sputnik V» вакцинасын алған еді.

Барлық жаңалықтар