00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

1,2 млн балаға бала қызылшаға қарсы қосымша екпе салынды

07.02.2024 | 02:30
53
Фото: дереккөз

Елдегі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда, сондықтан қаңтар айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылық 8%-ға төмендеді. Сонымен, жеті өңірде (Алматы, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстары) сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, 11 өңірде жағдай тұрақты және сырқаттанушылықтың өсуі Ақтөбе және Атырау облыстарында сақталуда.

2023 жылы Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы 700 мыңнан астам бала және бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 210 мыңнан астам бала толықтыру иммундауы шеңберінде егілді.

ДДҰ Еуропалық өңірлік офисінің иммунопрофилактика бойынша жетекші сарапшысы Сидхарт Датта, республикада қызылшаға қарсы эпидемияға қарсы шаралар ДДҰ ұсынымдарына сәйкес деп таныды.

Еліміздегі иммундау бағдарламасының жетістігі әрбір азаматқа байланысты.

Осыған байланысты, ата-аналардың назарын балаларды уақтылы иммундау қажеттілігіне аударамыз. Вакцинациялау жүргізілмеген жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда профилактикалық егуді алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз.

Егер қызылша ауруының белгілері пайда болса, медициналық көмекке жүгініңіз және өз-өзіңізді емдемеңіз.

Инфекция жұқтырудың және аурудың ықтимал асқынуларының алдын алу қызылша ауруымен сырқаттанудан сақтандыратынын айта кеткен жөн, - делінген министрлік ақпаратында.

Барлық жаңалықтар